Үйгентастық шекарашылардың қызметі қырағы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Үйгентас»
шекара бөлімшесі шекара шебін қырағы күзетіп жүрген әскери ұжым.
Капитан Ілияс Құмаров басшылық жасайтын шекара сақшылары
жауынгерлік қызметте алда келеді. Шекара шебінің тәртібін бұзған
азаматтық тұлғалар дер кезінде анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Табиғаты жағынан күрделі де қиын таулы аймақты күзететін
шекарашылар анттарына берік. Жылдың төрт маусымы мен тәуліктің
жиырма төрт сағатында ел шетінің тыныштығын күзетіп жүрген
сайыпқырандардың қызметіне жергілікті халық риза.

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: