Үйірменің үйретері көп

Балалар мен жастардың бос уақыттарын дұрыс пайдалануы бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі. Бос уақыттың қызықты әрі тиімді өтуі өнер үйренуге, шығармашылық ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шараларға байланысты.

Осыған орай, «Қазақстан Жастары» Қоғамдық қоры Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отыра «Балалар мен жастардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру» жобасын қолға алып жұмыс жүргізуде. Жуырда Сарқан ауданында балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында игі жұмыс қолға алынып соның бастамасы ретінде Қойлық ауылында іс – шара өткізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қойлық ауылындағы К.Қазыбаев атындағы мəдениет үйінде балалар мен жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында домбыра,қолөнер,шахмат,тоғызқұмалақ үйірмелері ашылды.

-Жастар орталығынан бұл мақсатқа арнайы екі штат бөлінді. Енді мұнда қойлықтық балдырғандардың бос уақыттарын мәнді өткізулеріне қолайлы жағдай бар,-дейді ресурстық орталықтың басшысы Бауыржан Жантасов.

Үйірме өтетін арнайы бөлменің ашылу рәсіміне аудандық мәслихат депутаты Жомарт Игіман, ардагер ұстаз Берік Мұқатаев қатысып, өнер үйренуге қызығушылық танытып жүрген жеткіншектерге сəт-сапар тіледі.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: