JOLSAPA мен жапониялық Aero Toyota Corporation жол диагностикасын цифрландыру бағытында ынтымақтастық орнатады.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Жапонияның Aero Toyota Corporation компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстандағы жол инфрақұрылымын тексеру саласында Mobile Mapping System (MMS) мобильді картографиялау жүйесін қолдану мүмкіндіктерін зерделеуді көздейді.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – автомобиль жолдарын диагностикалау тәсілдерін жетілдіру, цифрлық технологияларды дамыту және жол инфрақұрылымын зерттеу саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу.

Меморандум аясында жапондық Aero Toyota Corporation компаниясы Ұлттық орталыққа консультациялық қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, MMS мобильді картографиялау жүйесін Орталықтың қызметіне ықтимал енгізу бойынша әдіснама мен техникалық талаптарды қамтитын егжей-тегжейлі ұсыныс әзірлеу жоспарланып отыр.

Бірлескен жұмыс барысында тараптар қажетті ақпаратпен алмасып, консультациялар жүргізеді. Сондай-ақ қажет болған жағдайда жүйенің мүмкіндіктерін көрсету жұмыстары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын тексеру және цифрландыру саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылады.

Консультациялық жұмыстардың қорытындысы бойынша Aero Toyota Corporation Ұлттық орталыққа жүйені қолдану әдіснамасы мен техникалық сипаттамалары жөнінде ұсыныстары бар толық есеп ұсынады. Бұл материалдар MMS жүйесін одан әрі енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға негіз болады.

Сонымен қатар тараптар жол-құрылыс материалдарын қолдану сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау мәдениетін жетілдіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуді көздейді. Сондай-ақ жолдарды мониторингтеу, диагностикалау және паспорттау бойынша цифрлық технологияларды дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне басымдық беріледі.

JOLSAPA и японская Aero Toyota Corporation объединяют опыт для развития цифровой диагностики дорог.

Национальный центр качества дорожных активов подписал меморандум о сотрудничестве с японской компанией Aero Toyota Corporation. Документ предусматривает совместную работу по изучению возможностей применения технологии Mobile Mapping System (MMS) в сфере обследования дорожной инфраструктуры Казахстана.

Сотрудничество направлено на совершенствование действующих подходов к диагностике автомобильных дорог, развитие цифровых инструментов и обмен международным опытом в области обследования дорожной инфраструктуры.

В рамках меморандума японская компания Aero Toyota Corporation предоставит консультационную поддержку Национальному центру качества дорожных активов. В частности, планируется подготовка детального предложения, включающего методологию и технические требования для возможного внедрения системы мобильного картографирования Mobile Mapping System (MMS) в деятельность Центра.

MMS – технология мобильного картографирования, возможности и особенности применения которой предстоит изучить в рамках совместной работы. Для подготовки предложения стороны намерены обмениваться необходимой информацией, проводить консультации и при необходимости организовывать демонстрацию системы.

Отдельное внимание будет уделено обмену опытом и передовыми методами в области обследования дорожной инфраструктуры и ее цифровизации.

По итогам консультационной работы Aero Toyota Corporation представит Национальному центру качества дорожных активов подробный отчет с предложениями по методологии и техническим характеристикам системы. Полученные материалы станут основой для дальнейшего рассмотрения возможностей внедрения MMS.

Кроме того, стороны планируют совместную работу по повышению качества применения дорожно-строительных материалов, совершенствованию культуры строительства, ремонта и содержания автомобильных дорог. Еще одним направлением станет обмен опытом и развитие совместных инициатив в области цифровых технологий мониторинга, диагностики и паспортизации дорог.

Мәліметпен бөлісу: