Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдаған бес әлеуметтік бастамасы аудан жұртшылығы тарапынан қызу қолдауға әрі үлкен қызығушылыққа ие болды.
Бастамалардың алғашқысы – баспана мәселесін шешу. Президент ұсынған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үйге кезекті азайтып, пәтерге мұқтаж отбасылардың қуанышына айналатынына күмән жоқ. Сонымен қатар жастардың сапалы білім алу үшін білім гранттарының арттырылуы, жатаханалардың салынуы, жалақысы төмен отандастарымыз үшін салықтың азайтылуы, кәсібін бастағысы келген жандарға берілетін шағын несиенің көбейтілуі, газбен қамтамасыз етудің жаңа деңгейге көтерілуі – тек қолдап қана қоймай, сол жолда өзіндік үлесіңді қосуға деген ынта – жігерді оятатын бастамалар.
Е лбасының Үндеуі – маңызды құжат. Бұл бастамалар халқымыздың әл – ауқатын жақсартуға зор әсерін тигізеді. Елбасымыз бұл маңызды бастамалардың жүзеге асырылуын бақылауды «Нұр Отан» партиясына жүктеді. Алдағы уақытта осы бастамаларды жемісті ж үзеге асыру үшін аудан тұрғындарын аянбай еңбек етіп, жұмыс істеуге шақырамын!
М.ТҮСІПОВ,
«Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.