Көл жағалауына өркенді өзгеріс

Лепсі ауылындағы Мәдениет үйінің мәжіліс залында «Сарқан ауданында туризмді дамыту және Балқаш көлі жағалауындағы демалыс орындары туралы» тақырыпта алқалы жиын өтті. Жиынға  жағажайдағы демалыс орындары құрылысына, санитарлық тазалығына, демалушыларға қолайлы жағдай жасауға, адамдардың қауіпсіздігіне  мүдделі мекеме-ұйымдар жетекшілері, демалыс орындарының жауапты өкілдері қатысты.

Бас қосуды аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков ашып, аудан әкімінің орынбасары Марат Разбеков туризмді дамыту мақсатында демалыс аймағының заман талабына сай болуына  қажетті шарттарды ортаға салды. Жиналғандар алдында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Арман Смағұлов,  аудандық кірістер басқармасының басшысы Тасқын Ақбаев, төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары Серік Абылқасымов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Қауменов, суда құтқарушылар  қызметінің басшысы Талғат Ахметханов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің басшысы Жомарт Мыңбаев, архитектура және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Думан Нөкербаев өз салалары бойынша демалыс маусымын ойдағыдай өткізу бағытындағы демалыс орындары басшыларының мақсат-міндеттерін саралады. Лепсі ауылдық округі әкімі Гүлнар Серікбаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, белгілі кәсіпкер Руслан Сәтібеков және Лепсі жағалауындағы 16 демалыс орнының жауапты өкілдері демалыс аймағын ажарландыру бағытындағы жоба-жоспарларымен бөлісті.

 

Өз тілшіміз. 

Мәліметпен бөлісу: