Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуы Департаменттің ерекше бақылауында


Жыл басынан бері ғана Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бақылау іс-шараларын жүргізу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушілер қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша 578 бұзушылықты анықтады.

Бүгінгі күні бұзылған құқықтар қалпына келтірілді, атап айтқанда, қызметті алушыларға негізсіз талап етілген құжаттары қайтарылып берілді, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушілер үшін тиісті оқыту семинарлары өткізілді.

Қызметті алушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мәселелері Департаменттің ерекше бақылауында.

Мәліметпен бөлісу: