Көшпелі жиын өтті

Өткен бейсенбі күні  «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды. Осыған орай Лепсі ауылдық округінің мәдениет үйінде көшпелі жиын ұйымдастырылып, алғашқы жартыжылдықтағы жүзеге асы рылған іс-шаралар сараланды. Бұл бағыттағы қорытынды  баяндамаларда   атқарылған жұмыстар жан-жақты атап көрсетілді.  Көшпелі жиынға «Нұр Отан» партиясы  Сарқан аудандық филиалының төрағасы, аудан əкімі Ерғазы Қошанбеков қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Ерғазы Қошанбекұлы партиялық жаңа жобалар аясында ауданда атқарылған іс-шараларға, жүйелі жұмыстарға тоқталды.

Жиында облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев бастауыш партия ұйымдарының бірыңғай күні шарасы аясындағы алдағы уақытқа жоспарланған шаралармен таныстырды. Ғалиасқар Төлендіұлы өз сөзінде тиісті ұйымдарға бірқатар сын-ескертпелер айтып,  тапсырмалар берді. Сонымен қатар  алдағы жарты жылдыққа нақты атқарылатын жұмыс жоспары белгіленді.

Лепсі өңіріне келген облыстық  және аудандық деңгейдегі меймандар киелі Көтен тәуіп атаның басына барып тағзым етіп, М.Төлебаев атындағы мұражайға   экскурсия жасап, өздерінің ой- пікірлерімен бөлісті.

 

А.Омаров,

«Нұр Отан»  партиясы Сарқан  аудандық филиалының консультанты.     

Мәліметпен бөлісу: