Кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жыл сайын 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметкерлері кәсіби мерекелерін – Прокуратура органдарының құрылған күнін атап өтеді. Мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, азаматтардың құқығын қорғау мәселелерінде прокуратураның орны қашанда ерекше.

6 желтоқсан күні Сарқан аудандық прокуратурасы аудандық әкімдік, аудандық мәслихат, аудан-дық ішкі істер бөлімінің және т.б. қоян-қолтық жұмыс жасайтын өзге де мекемелердің құттықтауын қабыл алды.
Сондай-ақ мерейлі күні аудандық прокуратура ұжымын І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің білім-гері Бахтияр Төлегенұлы арнайы келіп құттықтады. Іргелі оқу орнының құқық және экономика факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының І курс студенті Бахтияр Төлегенұлы шарада еліміздің құқықтық кеңістігінде кез келген саладағы заңдылықтың сақтауында прокуратураның алар айрықша орнына тоқтала келе риясыз лебізін ақтарып, ел игілігі жолындағы ұжым қызметіне толағай табыс тіледі.
Өз кезегінде аудан прокуроры Ерлан Андабаев құқықтану мамандығының қыры мен сырына қанығып жатқан білімгерге оқуда озат болып кемел келешегіміздің майталман маманы атануына сенім білдірді. Соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: