Жуырда кафе салтанатты жағдайда ашылып, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мадияр Қожахметов нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмысын бастағалы отырған кафе иелерінің алғашқы талпыныстарын жиналғандарға таныстырды. Сарқан қаласының тұрғыны Беков Мұратхан Советханұлы жоғарыда аталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млн. теңге несие алып, игі мақсатқа жаратқан екен.
Жаңадан ашылған караоке-кафеге келушілер әсем ән тыңдап, жаңа әуендер үйреніп, берекелі де бай дастарханнан дәм тататын болады.
Өз тілшіміз.