Қашан да отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасы мүшелерін қорғап, қолпаштайтын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың перзенттік парызы.Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, өскен орта, туған жердің қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Бабаларымыздан қалған «Бір əкеңнің тəрбиесін мың мектеп алмастыра алмайды «-деген асыл сөз бар. Сондықтан отбасында әрдайым ынтымақ пен бірлік болуы əке тəрбиесіне тікелей байланысты. Барлық əкелерді бүгінгі айтулы күндерімен құттықтаймыз. Əрқашан Отанымыздың тірегі, əулеттеріңіздің жүрегі, балаларыңыздың қорғаны болып жүре беріңіздер.
«Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді қазақта». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке-білек, саусағы-балалары, қантамырмен жалғасқан аралары». «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген екен Қорқыт атамыз «Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш-жігерді, батырлықты, қайсарлықты,білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің түр-түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Әке туралы сөз еткенде белгілі ақын Мұхтар Шахановтың әйгілі «Әке туралы жыр» өлеңі ойға оралады
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем де алыс қанат қағып,
Өзіңдей қамқор адам қайда маған?!
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның аспанына құлаш ұрсам,
Арқамда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
Әкелер күні құтты болсын!