Кеңес отырысы өтті

         Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Осы орайда, Үкіметтік емес секторды ары қарай дамыту және олардың мемлекетпен қарым-қатынасын жетілдіру мақсатында Сарқан ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес кеңес отырысы өтті.

          Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, ауданда қызмет етіп отырған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шаралары, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 4-тарауының 16-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін сараптама кеңесінің құрамын бекіту.

          Жиында көтерілген барлық мәселелер кеңес мүшелерімен талқыланып, шешім қабылданды.

Мәліметпен бөлісу: