Кефирді көтерме өткізу нарығында монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті айранды көтерме өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізуді аяқтады.

Талдау нәтижелері бойынша «АК-БУЛАК ПРОДУКТ» ЖШС жекелеген тұтынушыларға майлылығы 2,3-2,5% болатын жұмсақ қаптамадағы айранды өткізу кезінде әртүрлі бағалар мен өткізу шарттарын қолданғаны анықталды. Атап айтқанда, жеткізу шарттарында бағаның өзгеруі туралы хабарлау мерзімдері әртүрлі белгіленген, сондай-ақ өнімді контрагенттерге объективті түрде расталған себептерсіз әртүрлі бағамен сату фактілері анықталған.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы талаптарына қайшы келеді, онда объективті негіздерсіз тең дәрежедегі шарттарға әртүрлі бағалар мен талаптарды қолдануға тыйым салынған.

Бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта хабарлама орындалып, шарт талаптары мен бағалар бірыңғай әрі кемсітусіз жағдайларға келтірілді.

ВЫЯВЛЕНЫ НАРУШЕНИЯ АНТИМОНОПОЛЬНОГО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА НА РЫНКЕ ОПТОВОЙ РЕАЛИЗАЦИИ КЕФИРА

Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по области Жетісу завершил анализ состояния конкуренции на рынке оптовой реализации кефира.

По результатам анализа установлено, что ТОО «АК-БУЛАК ПРОДУКТ» применяло различные цены и условия реализации кефира жирностью 2,3-2,5% в мягкой упаковке для отдельных потребителей. В частности, в договорах поставки предусматривались разные сроки уведомления об изменении цены, а также выявлены факты реализации продукции контрагентам по различным ценам без объективно подтвержденных причин.

Указанные действия противоречат требованиям статьи 174 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, запрещающей применение различных цен и условий к равнозначным договорам без объективно оправданных оснований.

В целях устранения нарушений Департаментом направлено уведомление. В настоящее время уведомление исполнено, условия договоров и цены приведены к единым и недискриминационным условиям.

Мәліметпен бөлісу: