Келешек үшін кешенді бағдарлама

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын келешек үшін кешенді бағдарлама деп тануға болады. Бұл маңызды құжатта «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру», «Сапалы білім беру», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру», «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау», «Ұлттың ұйысуы-одан әрі дамытудың басты факторы» атты тақырыпшалар арқылы қоғамды уақыт талабына сай жетілдірудің қажеттілігін ортаға салады. Қасым-Жомарт Кемелұлының халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру жолындағы тұжырымдары халқымыз үшін өте маңызды. Сондықтан да Жолдауды тыңдап, оқи отырып, жаңарған қоғамның бізге жүктеген зор жауапкершілігін айқын сезінеміз. Тағдырдың түрлі сынынан сүрінбей өткен еліміздің алдымызда тұрған күрделі міндеттерді шешуге білімі мен біліктілігін танытып, бірлік пен ынтымақты мығым ұстап, жоғары мақсаттарға ұмтыларымыз анық. Расында да «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген халқымыздың бірлікті бекемдеу арқылы тірлікті дұрыс жолға қоюға күш-қуаты жетеді.

Жомарт Игіман,

Сарқан аудандық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу: