Әкем, шешем және мен

Осындай атаумен өткен аптада аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде отбасылық спорттық сайыс болып өтті. Сарқан ауданының бұқаралық – спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ұйымдастырған сайыс 1 — мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізіліп, отбасылық құндылықтар, салауатты өмір салты, достық, ынтымақ сынды ұғымдар ұлықталды. Аталмыш жарысқа ауданымыздың елді мекендерінен 10 команда қатысып, әр топ сәлемдесу, эстафеталық таяқшалармен жүгіру, қаппен секіру, орнынан ұзындыққа секіру, арқан тартыс сынды кезеңдерде бәсекелестерінен ерекшеленуге тырысты. Кейбір командалардың тыңғылықты дайындығы киім киісінен, өз топтарын таныстырудан, атауларын қорғаудан-ақ сезіліп тұрды. Әділқазылар алқасы әке, шеше және 8-13 жас аралығындағы бала – үштік одақтың бабын бағамдап, үздік топты анықтауға тырысты. Нәтижесінде жалпы ұпай санымен өзгелерден озық шыққан Абай ауылынан келген «Ынтымақ» тобы І орын иегері атанды. Ал бақалылық «Бақалы-бақ мекенім» командасы ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орын Ақтұма ауылы «Тұлпар» командасына бұйырды. Барша қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

П.Жеңісхан.

Мәліметпен бөлісу: