Кездесу барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер сөз болды

21 мамыр күні «АМАNAТ» партиясы Орталық аппаратының Аумақтармен жұмысты ұйымыдастыру департаментінің инспекторы Багчай Абай Арыстанбекұлы жұмыс сапарымен Жетісу облысы, Сарқан ауданына келді. Іс-сапар аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлымен кездесуден басталды. Кездесу барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер сөз болды.

Сапар одан әрі «Жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың орындалу барысын бақылаумен жалғасты. Атап айтқанда, төмендегі объектілерге жауапты аудандық мәслихат депутаты Құдияров Жалел Калелұлымен және бірге:

«Сарқан қаласындағы 60 пәтерлі 5 қабатты екі үйдің» құрылысының жүзеге асырылу барысы; «Алмалы ауылдық мәдениет үйінің» күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйі қаралды.

📌 Абай Арыстанбекұлы Сарқан аудандық маслихатының депутаттары Шулгаубаев Алтай Камиұлы, Дармышев Ерлан Ерұзақұлы, Жасақпаев Талғат Сағынғалиұлымен кездесу өткізіп өзекті мәселелер бойынша әңгіме жүргізілді.
✅«АМАNAT» партиясы ел игілігі жолындағы бастамалар мен халықтың күнделікті мәселелерін назарда ұстап, нақты істермен айналысуды жалғастыра береді.

AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалы

Мәліметпен бөлісу: