Кітап – досым ақылшым

Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым- білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап- адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.

Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2- де атап өтіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарияланады. Сондай –ақ кітапханада осы мейрамға орай Екіаша орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Кітап-досым, ақылшым» атты тақырыпта мерекелік кеш  өткізілді. Іс шараның мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға құмарлығын арттыру, олардың сөздік қорын, ой- өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

 

 Н. Идрис,

Екіаша ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: