Кітапқа әсте қастерлі деп қараймын
Кітап көзі, ақыл – ойдың, арайдың,
Болмаса егер ішінде бір кітабы,
Құны қанша алтындаған сарайдың?
Шынында да кітап пен кітапхана болмаса, адамдар рухани білімін үнемі жетілдіріп отырмаса, мынау өмірде адамзаттың жаппай сауатсыздануы басталған болар еді.Кітапхана –мәңгілік парасаттың ең биік, ең киелі ғимараты болса, кітапханашы –сол рухани қазынаның шырақшысы әрі ақыл-ой әлеміне жол сілтеуші. XXI ғасыр –руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани-мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі — кітапхана. Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап-тілегі мен сұранысын қанағаттандыру. Жұмыстарды атқарудағы мақсатым: технологияның дамыған заманында тыс қалмай әрдайым оқырман назарында болып, соларға мінсіз қызмет ету, кітапқа, мерзімді басылымдарға және зиялы өкілдердің өмірі ,шығармашылықтарымен таныстыру.
Оқушыларды тәрбиелеу кітапхананың босағасынан басталады. Сонымен қоса, кітапхананың ішкі безендірілуі талғамға сай болуын қамтамасыз етіп , оқушы кітапханаға кіргенде мәдени орталық екенін сезіндіру. Кітап дейтін рухани дүниенің ұлылығын танытып, қалың жұртшылыққа жақындатып, бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен кең қанат жайған. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда. Кітапхана оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуіне, оқуға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қазақстан халықтарының Тіл мерекесі өтті. Осы шараларға оқушылар өздері әзірленіп, өткен сайыс пен байқауға белсене қатысып, өздерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін көрсетті. Осындай шаралар арқылы кітапқұмарлыққа, сауаттылыққа, дүниетанымын кеңейтуге, сөз қорын молайтуға баулиды. Кітапқа қызықтыру-білімге қызықтыру деп білеміз. «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша сынып жетекшілері, ұстаздармен бірлесе отырып жұмыс жүргізудеміз. «Рухани жаңғыру-ұлт рухының арқауы» жарқын болашаққа үміт пен сенімін білдіреді.
А.СЕРИКБАЕВА,
Пограничник орта мектебінің кітапханашысы.