«Климат күте алмайды»: Экологиялық іс-шара және Балқаш көлі жағалауындағы құмда шаңғы жарысы


Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде баспасөз-коференциясында XCSS «Климат күте алмайды» халықаралық бастамасы аясында баспасөз-мәслихаты өтті. XCSS «Climat can’t wait» — «Климат күте алмайды» халықаралық іс-шарасы Жетісу облысы, Талдықорған қаласы мен Балқаш көлінде қазақ-француз әріптестігі аясында өткізілетін құм бойынша шаңғы жарысы өткізіледі.
XCSS «Климат күте алмайды» акциясының негізгі басты мақсаты — халықаралық байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу, қоғамның назарын осы мәселеге аудару, халықтар достығын нығайту, экологиялық проблемалардың шешімін бірге іздеуге бағытталған.
Балқаш көлінің аумағында «Климат күте алмайды» экологиялық акциясы аясында құмды шаңғы марафоны өтеді. Аталған іс-шараға Жетісу облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, XCSS-CROSS COUNTRY SKIING SAND президенті Эстель Пейенмен бірлесіп жетекшілік етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Малгожата Туар атап өткендей, экологиялық спорт алғашқы екі маусымы Мароккода, Сахара шөлінде өтті. Іс-шараның бірінші маусымында ынтымақтастық пен проблемаларға қатысты мәселелер, ал келесі маусымда атқарылған жұмыстар туралы есеп айтылды. Балқаш көлінде екі маусымдық іс-шара жоспарлануда.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Капекова Балқаш көліндегі экологиялық проблема туралы айтып берді. «Кеше біз Балқашта шомылдық, ал бүгін құмда шаңғы тебеміз. Бұл көп нәрсені білдіреді. Біздің әрқайсымыз көлді құтқару үшін шаралар қабылдауымыз керек», — деп атап өтті.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы, оның таяздануы, оның жағасында қоқыстың болуы және жергілікті кәсіпкерлердің көл ресурстарын орынсыз пайдалануы туралы сұрақтарға Эстель Пейен сөз сөйлеп, қазақстандық кәсіпкерлерге еліміздің су ресурстарының, атап айтқанда Балқаш көлінің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару жолдарын іздестіруді сұрады.

Мәліметпен бөлісу: