КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Алғаш ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтты. Жаңа Конституцияның жобасы жуырда облыстық «Жетісу» газетінде жарияланды. Ұсынылған құжат кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жобаның преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы. Осы бапта егемендіктің иесі- халық екені нақты көрсетілді. Екі палаталы Парламент Құрылтай бір палаталы,заң шығарушы ең жоғары өкілді орган болып өзгереді. 145 депутат партиялық тізіммен 5 жылға сайланады. Сонымен қатар, этникалық топтар мен өңірлердің мүддесін білдіретін консультативтік орган — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиялары табысты аяқталғанын айтып,жаңа институт-Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынған. Халық кеңесі-126 адамнан тұрады. 42 өкіл-этномәдени бірлестіктерден, 42 өкіл-ірі қоғамдық ұйымдардан, 42 өкіл-мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден. Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды. Референдум өткізу бастамасы парламенттен алынып, халық кеңесіне берілуі ұсынылады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізілуі тиіс. Парламенттің Конституцияға түзету енгізу өкілеті жойылады. Президент өкілеті мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, парламент жеті күн ішінде президент сайлауын жариялап, ол екі ай ішінде өтуі көзделген. Жобада бірқатар жаңа институттар мен нормалар бар. Олардың қатарында вице-президент лауазымын енгізу, адвокаттық қызмет пен адвокатураға арналған арнайы конституциялық бапты бекіту, сондай-ақ қылмыстық процесте «Миранда» ережесін қолдану ұсынылған. «Миранда» ережесі қылмыстық процестегі психологиялық қысымға,заңсыз мойындатуға және тергеу кезіндегі асыра сілтеушілікке тосқауыл қояды,конституциялық деңгейде шектеу қойылады.

Жобаның жариялануы қоғамда әртүрлі пікір туғызды. Азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғаушылар мен сарапшылар конституциялық өзгерістерді қабылдау барысында кең қоғамдық талқылау мен ашықтықтың маңызын атап өтті.
Конституция-мемлекеттің жүрегі. Бүгінгі өзгерістер болашақ ұрпақ үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Ата заңға өзгеріс енгізу-еліміздің дамуын,саяси өзгерістердің болуын көрсетеді.
Қазақстан тарихында Конституция бірнеше рет жаңартылды. 1993 жылғы алғашқы Конституцияда президент пен парламент арасындағы өкілеттік теңгерімі айқындалғаны айтылып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституция президенттік өкілетті кеңейтті және қазіргі уақытта қолданыста.
Жаңа жобада отбасы, бала, ата-анаға ерекше назар аударылады. Әйел адамдарға некеде қысым, зорлық-зомбылық көрсетілуі тоқтатылмақ. Ана тіліміз-қазақ тілінің мәртебесін өсіру керек. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілседе,дамудың орнына өзінің сауаттылық деңгейін жоғалтып алғандай. Оның дәлелі қалалардағы шала сауатты жарнамалар,мекеме аттары.
Осы өзгерістер «Күшті Президент-Ықпалды Парламент-Есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырады. Менің айтарым осы өзгерістер нақты өмірде жүзеге асса екен. Заңды білу,құрметтеу әрқайсымызға байланысты! Референдумда — Әділетті Қазақстан үшін, әділетті Конституциямыз үшін дауыс беремін!

Байжан СЕЙІТҚҰЛ,
зейнеткер-ұстаз, Қарабөгет ауылы.

Мәліметпен бөлісу: