
Конституциялық реформалар еліміздің саяси және әлеуметтік өміріне түбегейлі әсер етуге және халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Аудан әкімдігінде өткен жиын конституциялық реформаны іске асырудың негізгі басым бағыттарын айқындады. Іс-шараға мемлекеттік мекеме өкілдері, бөлім жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында Конституциялық реформалар мен енгізілген өзгерістердің мазмұны, олардың құқықтық және әлеуметтік маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар қоғамның дамуына әсер ететін жаңартулар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің жаңа конституциялық талаптарға сәйкестігі туралы кең көлемде ақпарат алды.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, реформалардың практикалық маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз ой-пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісіп, конституциялық өзгерістерді тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
