Латын әліпбиі – ел ертеңі

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Латын әліпбиіне көшу бағытында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Сондай жұмыстардың бірі жуырда Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – ел ертеңі» тақырыбында Сарқан политехникалық колледжінің тыңдаушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынның басында орталықтың оқытушысы Н. Тультекенова:  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген сөзін мысал ретінде келтірді.

Өз кезегінде өзге ұлт өкілдерінен құралған Сарқан политехникалық колледжінің тыңдаушылары басқосу барысында латын әліпбиінің қолданылуы, маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: