2018 жылдың қаңтар айының 19 жұлдызы күні Сарқан аудандық кітап-ханасының оқырман залында «Латын әліпбиі – рухани Тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам» атты тренинг өткізілді.
Тренингке мәдениет қызметкерлері, оқырман-дар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Бұл іс-шараның мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Кітапханашы Құрманбаева Мадина шара барысында латын әліпбиімен таныстырып, латын әліпбиіне көшу саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай және ауыстыру өмір қажеттілігі және бәсекеге қабылеттілік мәселесі жөнінде айтып өтті. Тренингте латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары, латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар, латын әліпбиін үйренудің жолдары, латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады деген сұрақтарға тоқталып өтті.
Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Латын графикасын үйреніп алу аса қиындық туғыза қояды деп ойламаймын. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де зор болмақ деп кітапхана директоры Гулнар Мерхатқызы өз сөзін аяқтады.
Тренингке қатысушылар баспасөз беттерінде жарияланып жүрген латын әліпбиімен жазылған өлеңдерді кезекпен оқыды.
М.ҚҰРМАНБАЕВА,
аудандық кітапхана кітапханашысы.
Л.ҚҰЛЫМБЕТОВА,
аудандық кітапхана библиографы.