Лепсі ауылында Құрылтай қарсаңында қайықтар шеруі өтті


Лепсі ауылында Құрылтай қарсаңында ерекше форматтағы патриоттық іс-шара – қайықтар шеруі ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен жастардың қатысуымен өткен шара ұлттық бірлік пен ынтымақты дәріптеп, елдік құндылықтарды насихаттауға арналды.
Шеру барысында мемлекеттік Туымыз желбіреген қайықтар Лепсі өзенімен жүзіп өтіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Іс-шараға қатысушылар Құрылтайдың қоғамдағы маңызын атап өтіп, елдің тұрақты дамуы, қоғамдық келісім және ортақ жауапкершілік қағидаттарын қолдайтындықтарын білдірді.
Мұндай тағылымды шаралар жастардың патриоттық рухын нығайтып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. Лепсі ауылында өткен қайықтар шеруі Құрылтай қарсаңындағы мазмұнды іс-шаралардың бірі ретінде ел бірлігі мен татулығын айшықтады.

Мәліметпен бөлісу: