Қазір қол жеткен табыстарға тоқмейілсіп қарап отыратын уақыт емес. Тәуелсіз Қазақстан әлем мойындаған қуатты елге айналуы тиіс.Ол үшін халықтың әл-ауқаты жоғары болуы шарт. Елбасы осы мақсатты көздей отырып, бес әлеуметтік бастамасын ұсынды. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері айтылған.
Осы мақсатта қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп жұмыстар атқарылуда. 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл-рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр.Бұл айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Оның шешімін тұрғын үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек. «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып,оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет»,-делінген. Н.Назарбаев бірінші бастамасында «7-20-25» деген бағдарламасын ұсынды.Бұл бағдарлама миллиондаған қазақстандықтың баспаналы болуына үлкен мүмкіндіктер туғызады деген сенім бар. Мәселен, несие өнімнің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болады. Қазір банктер бас-тапқы жарнаға баспана құнының 30 пайызына дейін,кейде тіпті 50 пайызын салуды талап етсе,бұл бағдарлама бойынша ол 20 пайыздан аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін ұзартылды. Міне, мемлекет алдағы жақын күндері осындай түбегейлі әрі нақты шараларды қолға алатын болды.
Үшінші бастама жайында да осындай жақсылықтарды айтуға болады. Білім саласындағы Елбасы бастамасы бүкіл жастарды қуантты.Әсіресе 2022 жылға дейін студенттерге арналып кемінде 75 мың орынды жатақхана тұрғызылатыны ең елеулі істің бірі болғалы тұр. Қазіргі таңда студенттер арасында жатақхана мәселесі өте өзекті. Шалғай ауылдан білім қуып келген жастар қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Елбасы осы жолы жастардың алаңсыз білім алуына баса назар аударып отыр. Елбасы атап көрсеткендей,бүгінде 530 мыңнан астам студент жоғары оқу орнында білім алуда.Алайда олардың 30 пайызы ғана мемлекеттік грант есебінен оқиды.Президенттің грант санын көбейту жайлы бастамасы құптарлық іс. Нәтижесінде отандық ғылым дамып,өндіріс өркендейді әрі Қазақстанның әлемге жаңа брендпен танылуына мүмкіндік туады.
Шағын несие беруді көбейту де кәсіпкерлікті қолдау мақсатында уақытылы қолға алынған шара.Осы бастаманың арқасында тек қалалық қана емес,сондай-ақ ,ауылдық жерлердегі мыңдаған қазақстандықтар өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде еліміздің ішкі жалпы өнімдігі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайыздан кем қылмауға бағытталған стратегиялық мақсатымызға тағы бір табан жақындай түсеміз.
Жалақысы төмен азаматтарға салық мөл-шерін азайту көпшіліктің көңілінен шыққан бірден-бір дұрыс бастама болды. Бұл мәселеге байланысты облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталов өз ойын былай жеткізді; кезекте жалдамалы жұмыскерлердің оның ішінде әлеуметтік қызмет көрсету саласында еңбек ететін және техникалық персоналдың жалақысы өсетіні сөзсіз.Газдандыру жұмысына қатысты айтылған бесінші бастама тұрғысында бүгінде 11 ауданда газдандыру жұмысы жүріп жатқанын,оған 8,5 млрд. теңге бөлінгенін де атап өтті. «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында Елбасының осы бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстары бойынша ақпараттық бастамашыл топтар құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Сайлауалды «Білім» бағыты бойынша да облысымызда қанша жоғары оқу орны, қанша орта кәсіби білім беретін оқу орындары бар онда қанша студент жатақханамен қамтамасыз етілген деген мәселелер зерделенуде.
Сондықтан баршаның әлеуметтік игілігіне арналған ұтымды жобаларды іске асыруға атсалысайық.
Ж.Кулахметова,
облыстық мәслихат
депутаты.