Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы өтті.
Конкурсқа 4 номинация бойынша үміткерлер қатысты:
-«Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша — «Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің жоғары дәрежелі маманы Сегизбаева Аииза Замангельдиновна.
-«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» бойынша — «Мейірлі»ҮЕҰ-ның төрағасы Қасымханов Секербек.
-«Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша — «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Игибаева Лазат Маулетовна.
-«Үздік медициналық — әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша — «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-нін психолог маманы Жиенкулова Айнур Свержановна және еңбек нұсқаушысы Дюсекенова Алия Абиловна.
Осы қатысушылардың жинаған құжаттары мен бейнероликтары көрсетіліп, нәтижесінде облыстық конкурсқа 4 үміткердің құжаттары жолданды.Ағымдағы жылда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні конкурска қатысушылар марапаттауға ие болады.
К.Мухатаева,
бөлім меңгерушісі.