Әлеуметтік төлем мөлшері артуда


Әлеуметтік төлемдер — әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер. Әлеуметтік төлемдер — бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік тәуекел жағдайы туындағанға дейін өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген және оған қатысты әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлғаларға төленетін төлемдер. 
2024 жыл бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға 221 млн теңге төленді.
Оның ішінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрі 330 отбасына немесе 1870 адамға 195 млн 416 мын 268 теңге төленді.
🔹Сарқан ауданында 1364 мүгедектігі бар адамдар тіркелген Оның ішінде 1 топтағы -117, екінші топтағы -452, үшінші топтағы -599. Ал мүгедектігі бар балалар саны-196. Оларды оңалтуға 132 млн.теңге бөлінген.
Нәтижесінде, өткен жылы жеке оңалтудың бағдарламасы 97,6 пайызға орындалды.
Сөйтіп 2024 жыл елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі болды.

Қ. ЖАНАСБЕКОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мәліметпен бөлісу: