2022 жылғы 30 наурызда Алматы облысының әкімдігінде №4 үлгілік базалық бағыттағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) жобаларының таныстырылымы өтті.
Кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі З. Құсайынова, ҮББ-4 менеджерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар және Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы А. Садықов қатысты.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссары – Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары М. Коваленко жобалық басқарудың негіздері, оның артықшылықтары, құқықтық негізі туралы айтып, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты» жобасын таныстырды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылардың назарын «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асырудың өзектілігіне, жоба шеңберінде қойылған міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Жоба менеджерлері ҮББ-4 іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді. Бұл бағыттағы жұмыс облыс әкімдігі мен Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшылығының ерекше бақылауында.