«Үлкенге — құрмет, кішіге — міндет» акциясы

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ –нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен  жастар мен қарттардың сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, нығайту, жалғызбасты қарияларға қамқорлық көрсету және осы игі шара арқылы жастардың бойында елжандылықты қалыптастыру мақсатында  Рухани жаңғыру бағдарламасының «Рухани қазына» және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру аясында  «Үлкенге — құрмет, кішіге — міндет» акциясы өткізілді. 

Акция барысында Сарқан қаласы, Арычная №72  тұрғыны  Калечит Нина Александровнаға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіліп, үй ауласын жөнге келтірілді және отын-суы қамдалды.  Мұндай шаралар  тек жоспарлы түрде ғана емес, ұдайы өткізіліп отырады.

Ануар Салимбеков,

«Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: