Адам тәні – біздің көзімізге көрініп, адамдық тұлға етіп тұрған дене. Көрер көзге адамдық тұлға етіп басқа жаратылыстардан өзгеше етіп тұрған мүсініміз. Дене арқылы біз адам болып таныламыз. Әр жаратылыс әр түрлі мүсінге ие. Тіршілік иесіне бекітілген физикалық бөлік. Адам ерекше жаратылыс екенін білеміз, дүние есігін ашып, өмір сүре білу ол жеке адамның өзіне тікелей байланысты. Тіршілік етуші, өмірде өзіне не керек екенін толықтай ұғына алған жағдайда ғана бақытты болады. Қазіргі заманымызда адам баласы оқу, білім алу, жұмыс істеу, отбасы болу тағы сол секілді өмір мәнділіктерімен өмір сүреді. Осы дүниеде бақытты жан болу үшін барлық жағдай жасалғанын ұмытпауы керек. Өз өмірінің иесіне айналып, Жаратушы берген санасын тек жақсы істерге жұмсауы тиіс. Ұғыныңыз, түсініңіз, қимыл етіңіз, санамен жұмыс жасаңыз, әр кез даму үстінде болыңыз, имандылық, жақсы ойлар, мейірімді істер, қайтатты қуат, қайыспас мінез қалыптастырыңыз, сол кезде ғана өмірде бақытты жандардың бірі екендігіңізге көзіңіз жетеді. Әр адам құндылықтары әр қилы қалыптасуы мүмкін алайда өмірде өзгермейтін қағидалар бар. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»-, деп Абай Құнанбайұлы айтып кетпекші адам дүниеге келеп, отбасы құрып істері арқасында өз дара жолын қалыптастырады. Өмір мәнін жете бағалап, дүниеге келгесін жақсы өмір сүру, опасы мен өмір жалғанын ұғына білу адам міндеті.
Өзіміз білетіндей өмір сүру кездері бөлінеді. Әр кезең бойынша адамзат уақытысында қимыл жасап, берілген мүмкіндікті қолдана алып, болашағымыз үшін үлкен қор жинауымыз керек. Жас ұлғайған сайын біздің өмірден түйетініміз жүйелене түседі. Бастапқы қадамнан бастап өзімізге керегін алып, қажет еместерді жоя білуіміз, болашақ тағдырымызға үлкен үлесін тигізеді. Кішкентай кезінде тәрбие алып, отбасын құндылықтарын қалыптастырып, мектеп қабылғасында оқу-білімге бет бұрып, үлкен шаңырақ ордаларында жүйелі білім қалыптастырып, дұрыс жолды таңдай алып, өміріңдегі жауапты іс жан қалауыңмен мамандығыңды таңдай алуың, одан кейін сол мамандық арқылы жұмыс жасап, білікті маман иесі атанып, табыстарға қол жеткізу, дара жолыңды жалғап отбасы болу, жеке құндылықтарды қалыптастыру, өз деген өміріңізді бақытты өткізу, жалпылама айтқанда осындай өмір кезеңдер барысында дұрыс таңдай жасай алып, уақытысында барлығына үлгеру үлкен бақыт.Ұрпақ жалғастырып, жетістіктер арқылы артыңнан өшпес із қалдыру әр адам парызы деп есептесек болады.
Денсаулығыңызды сақтау, оқу-білімге, дамуға ұмтылу, еңбектене білу, әдемі сөз, іс-қимыл, қамқорлық пен мейірімділік таныту, қорғашан ортамен жақсы қарым-қатынаста болу өмір мәнін кіргізеді. Кей адамдар өмірдің мәнін байлық пен даңқтан көрсе, басқа адам өмір мәнін сүйікті ісі мен хоббиінсіз елестете алмайды, ал кей адамдар жақындары үшін өмір сүреді. Әлемдегі тіршілік иелерінің бәрінде белгілі бір қажеттіліктер бар. Олар: тамақ, ұйқы, байланыс, махаббат. Сол секілді сізде өз қажеттіліктеріңізді таба біліп, сол қажеттілік жолында, өз бақытыңыз үшін еңбектеніңіз.
Диана Меліс,
дінтанушы.