
Бүгін ауылымыздың тумасы, көрнекті қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Мұхтар Арынұлының 90 жылдық мерейтойына орай тағылымы мол еске алу тарихи кеші өтті.
Кештің басты мақсаты – ел үшін еңбек еткен тұлғаның өмір жолын жас ұрпаққа таныстыру, оның өнегелі еңбегі мен рухани мұрасын дәріптеу болды.

Аталған іс-шараға Сарқан аудандық славян этномәдени орталығының төрайымы Татьяна Лебедева, «Аманат» партиясының депутаты С.Т. Мукашева, ауыл әкімі, мектеп директоры мен ұстаздар қауымы, мәдениет үйінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Кеш барысында Мұхтар Арынұлының өмірі мен ел дамуына қосқан үлесі туралы естеліктер айтылып, тағылымды ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, оның өнегелі өмір жолы жас буынға үлгі ретінде насихатталды.

Тарихи кеш әсерлі естеліктер мен рухани тағылымға толы болып, қатысушыларға үлкен ой салды. Мұндай тағылымды шаралар – ұлт тарихын құрметтеудің, өткенге тағзым етудің жарқын көрінісі екені сөзсіз.
#МұхтарАрынов
#90жыл
#тарихикеш
#ғылымжәнебілім
#Бақалы
