Ұлт тарихындағы ұлы белес

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі-ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық. Бұл еңбекті оқып шыққанда қазақ халқының сан ғасырлық аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындары, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат-үміті тізіліп көз алдымызға келгендей болады. Бүкіл қызметін қазақ халқынын тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің қайсар үні саңқылдап құлағымызға жеткен секілденеді. Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт- бағдарын да ұсынды.

Осы бағыттыр бойынша Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектепте биылғы оқу жылында түрлі іс-шаралар жоспарланған. Осы жоспар аясында «Жылы жүрек, жомарт қол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Акцияға ауыл ақсақалдары, ұстаздар, демеуші ауыл азаматтары шақырылып, аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек беріліп, мектеп оқушыларының өнерге құштарлығын арттыру мақсатында өтетін шаралар үшін музыкалық аппаратура тарту етті. Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі десек, бұл мақсатта ата-аналар да зор үлес қосуда. «Отбасы-рухани жаңғыру» негізі тақырыбында өтіп жатқан шараларға ата-аналар шақырылып, коучинг, дөңгелек үстел, тренингтер арқылы отбасының бала тәрбиесі мен оқуындағы рөлін жете түсініп, пікір алысуда.
Кез келген халық өсіп-өркендеу үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыру қажет. Бұл да Елбасы еңбегінде нақты көрсетілген.

 

Н.МУЛКИБАЕВ,
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: