
«AMANAT» партиясының Сарқан аудандық филиалының
ұйымдастыруымен, Сарқан аудандық білім бөлімі мен спортты дамыту және бұқаралық
спорттық іс-шараларды өткізу бөлімінің қолдауымен, №1 мектеп-гимназиясының
базасында «Ұлттық мұра» жобасы аясында аудандық оқушылар арасында
тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.
Мақсаты:
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын
насихаттау, ұлттық интеллектуалдық ойын — тоғызқұмалаққа деген қызығушылықты
арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тоғызқұмалақ — логикалық әрі
зияткерлік ойыны ретінде ұлттық мәдениеттің бірегей үлгісі болып табылады.
Жарыс Сарқан ауданының 5, 6, 7-сынып оқушылары
арасында, ұлдар және қыздар санатында өткізілді. Жеңімпаздар «AMANAT»
партиясының арнайы сыйлықтарымен, медальдарымен және грамоталарымен
марапатталды.
Жеңімпаздар:
Ұлдар:
1 орын — Тоқтарбек Алдияр
2 орын — Тоқтарбек Бейбарыс
3 орын — Омар Мақсат
Қыздар:
1 орын — Берікбол Аяулым
2 орын — Құрманәліқызы Ұлдана
3 орын — Қуанышқызы Айару
Жетекшілері:
• №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі — Бекбулатов Айбек Қайролданұлы
• Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің
мұғалімі — Аханбаев Аслан Аскарбекұлы
«AMANAT» партиясының консультанты Ж.Бибосынов