
Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «35 ауыл – 35 Ту тұғыр» патриоттық жобасы аясында сонымен қатар, Ұлттық құрылтай күні Бақалы ауылында 25 метрлік Мемлекеттік Ту тұғырының салтанатты ашылуы болып өтті. Бұл игі бастама Бақалы ауылының тумасы, жомарт жүректі азамат Галиев Ержан Күнғалиұлының тартуы. Туған жерге деген құрмет, өскен ортаға деген жанашырлық – нағыз азаматтықтың белгісі. Ауыл азаматтары өз демеушіліктерімен ел игілігіне жасалып жатқан жұмыстар жылдан-жылға көбейіп, туған жерге көркеюіне үлкен үлес қосып келеді.
Бақалы ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Бекбатыров Қозы,
ауыл қауымдастығының мүшесі Елубаев Қуатбек құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы ел ағасы Абишев Ғали батасын берді.
