Ұлттық самғаудың бағдаршамы

Ұстаз қай қоғамда да қастерлі, құрметті. Ұстаз – ел ертеңі, болашағымыздың шамшырағын жағар тұлға. Дана Абай да қазақ баласына ұстаздық қылып, осы ұлы ұғымға сай бай мұра қалдырған ақын. Сондықтан да 175 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген Мемлекет басшысының мақаласы ғасырлар алмасса да бағасы артып, өлшеусіз қазынамызға айнала беретін қасиетті тұлғаны тани түсуімізге  жол ашады.

Бұл мақала алда келе жатқан торқалы тойдың беташары. Онда айтылған өзекті ойлар мен жоспарлар жүзеге асса біздің рухани деңгейіміз арта түсері анық. Президентіміздің мақаласындағы «Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруы  тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз» деген сөзі, осы тойға қандай зерделі көзбен қарау керектігін аңғартады.

Серік Серкебаев,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Мәліметпен бөлісу: