Ұлттық ұстанымдар ұлықталды

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.

Дəл осы мереке Черкасск ауылдық округінде жылдағыдан өзгеше тойланды. Қарғалы, Черкасск жəне Ақтұма ауылдарында қазақ үй тігіліп, наурыз көже əзірленіп, тұрғындар өнерлерімен сынға түсті. Черкасск ауылында 3 қазақ үй құрылып, ауыл 3 топқа бөлініп, əн, өнер, арқан тартыс, гір көтеру жəне т.б. байқаулар бойынша күш сынасты. Салт-дəстүрімізді паш ететін ұлттық мерекеміз Наурыз мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Данияр Авгумбаев,

Черкасск ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.                                         

Мәліметпен бөлісу: