ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Бүгінде ақша бірліктері әрбір  мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарады. Егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Рес-публикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

Ұлттық валюта – біздің дербес ел бол-ғанымыздың белгісі. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Осы жылы Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта – теңге қаржы айналымына енгізілді. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бұл Қазақстанның  дербес даму жолына түскенін айғақтаған іс еді.

Ұлттық валютаның айналымға енгізілуінің арқасында Қазақстан өз еркімен қаржы саясатын жүргізу және қалыптастыруда нақты қаржы тетігіне ие болды. Елімізде қысқа мерзім ішінде негізін банктік жүйе құрайтын қаржы саласы қайтадан құрылды. Байыпты жүргізілген реформаның нәтижесінде төл теңгемізге деген сенімділік арта түсті.

Қаржы саласында негізінен тәжірибелі, өз ісіне берілген біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Олар алда тұрған міндеттерді шешуге өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Осы салада елеулі еңбек атқарып келе жатқан Сарқан аудандық Қазынашылық басқарма басшысы Орынова Ғалия Төлеуғалиевна, бас маман-бас қазынашы Тлеуберлина Гүлназ Өміржановна және Қазынашылық басқармасы ұжымын, қаржы саласының қызметкерлерін  Ұлттық валюта – Теңге  күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел игілігі жолында жаңа  жетістіктерге жете беріңіздер!

А.Айдарханова,

аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы.

Мәліметпен бөлісу: