Лудомания түбі терең тұңғиық

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында бүгін, 2025 жылдың 5 ақпанында Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық округінің К. Қазыбаев атындағы орта мектебінде «Лудомания түбі терең тұңғиық» атты дөңгелек үстел өтті. Жалпы лудамания дегеніміз — құмар ойындарға потологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды ресми түрде мойындаған.
Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Бұл проблеманың біздің елде де өткір тұрғаны белгілі.

Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салған. Жалпы, ойын автоматтары әлемде бұрыннан кең таралып, адамдардың арасында үлкен қызығушылық тудырған еді. Мәселен, 1970 жылдарда Англияда ойын автоматтары залдары кинотеатрларға келушілер санының күрт азаюына әсер еткен. Тіпті, кинотеатрларды жабу қажеттілігі туындаған. Ал 1990 жылдардың бірінші жартысында Канадада құмар ойындарға тәуелділер саны 75 %-дан асып кеткен. Осыған байланысты сол кездің зерттеушілері құмар ойындарды халықтың бір бөлігі үшін қауіп төндіретін өткір әлеуметтік мәселе деп санаған.Расында, бұл проблемаға тап болған көптеген адамдар үшін діннің көмегі орасан зор екені анық. Мәселен, жаман әдетіңіз жайлы жақындарыңызға айтуға ұялсаңыз, дін өкілдеріне жүгінсеңіз болады. Олармен сөйлескен соң, сеніміңіз күшейіп, құмар ойынға тәуелділікті жеңуге деген жігеріңіз артуы мүмкін.

Мәліметпен бөлісу: