Сарқан политехникалық колледжін-де 29 сәуір күні «Ұлы Дала аналары» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық аналар кеңесінің мүшесі, Сарқан ауданының аналар кеңесінің төрайымы, Сарқан ауданының қоғамдық келісімінің мүшесі, Сарқан ауданының «Құрметті азаматы» Күлшарбан Мырзабайқызы Қалиева және мәдениетті ана, ұлағатты ұстаз Тұрсынхан Нұрбатырқызы Рахметқалиева қатысты. Кездесуді колледж директоры Н.Маткаримов ашып, келген қонақтардың өмірбаяндарымен қысқаша таныстырды. Директордың оқу -тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Омирбекова өткізіліп жатқан кездесудің тақырыбына терең түсінік беріп, сан ғасырдан бері қалыптасып келе жатқан қазақтың рухани жан дүниесіндегі ерекше қасиеттерінің бірі ана мен қыз балаға деген шексіз құрмет көрсету тәрбиесі дей отырып, мұны ананың қоғамдағы ерекше орнымен сипатын бағалай білген ұлтымыздың ешкімге ұқсамас қасиеті деп ұғынған жөн. Сонымен қатар, сонау ежелгі дәуірлерден бері санаға сіңіп келе жатқан ұлттық тәрбиенің негізінде ана мен қыз балаға ерке мінезді сүйіспеншілікпен қарай білген бабаларымыздың адами мінез — құлқына шексіз риза болуға тиістіміз деді өз сөзінде. Кездесу барысында Күлшарбан Мырзабайқызы мен Тұрсынхан Нұрбатырқызы үлкен терең өмірлік балаларға тәлім-тәрбие бола алатындай дәріс оқыды.Өздерінің ойларымен бөлісіп, балаларға сұрақ қою арқылы ұтымды жауап ала білді және ақыл-кеңестерін беріп, өмірден,тарихтан көптеген мысалдар келтірді.Ең үлкен мәселе бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, балалардың ұлттық тәрбиесіне мән берді. Колледждің жас студенттеріне өнегелі тәлім-тәрбие дәрісін оқыды.Іс тәжірибелері мол, батыр ана, ұлағатты ұстаз, ардагер ана, білімді-білікті маман өздерінің ақыл-кеңестерін берді.Колледж директоры келген қонақтарға деген ізеттілігін көрсетіп, өз ойымен бөлісті. Аталған іс-шара барысында колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж. Мұсабаева сөз алып, жасөспірімдерге ұлттық тәрбиені беру, үздіксіз білім беру және тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде ұлттық тәрбиені жасөспірімдерге сапалы беру, балалардың санасын ояту, руханияттыққа баулу мақсатында өткізіліп отырған басқосудың маңызына тоқталды.Кездесуге қатысып отырған ұстаздар мен студенттер келген қонақтардың дәрістерін ұйып тыңдап, ризашылықтарын білдірді. Ал іс-шараны қорытындылау мақсатында, колледж психологы А.Омарбекова психологиялық релаксация арқылы балалардан бүгінгі тәрбиелік мәні бар кездесуден қандай әсер алды, қандай сана қалыптасты, қандай түйсік түйді, қандай қорытынды жасағандарын жаттығу арқылы жоғары деңгейде шебер көрсете білді.Ұлағатты аналарымыздың дәріс сөздерінен кейін, колледж директоры Н.Маткаримов өзінің ризашылығын білдіріп, алғы сөздерін айтып, қоғамда атқарып жүрген белсенді жұмыстарын ескере отырып, құрметті аналарға гүл шоқтарын тапсырып, иықтарына ақ орамал жапты.
Ж. МҰСАБАЕВА,
Сарқан политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.