Биылғы аламан Павлодар облысынан бастау алып, елордада аяқталады. «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде еліміздің 18 аймағынан келген 90-ға жуық шабандоз бақ сынады. Әр өңірдің іріктеуінен іркілмей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті. Былтырғы жорықтың жеңімпаздары атанған жетісулық шабандоздар осы жолы да көш бастап ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНЫҢ жеңімпаздары атанды.