Наурыз мейрамы-ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22-сі күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Көне парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз мерекесі-әлемнің ең көне мерекелерінің бірі.Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді.
Қарауылтөбе орта мектебінде 14-18 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне жоспар құрылды.Мектеп мұғалімдері мен оқушылары барлығы жұмыла қатысты.
Мектепте іс-шаралар өткізудегі мақсатымыз «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 14 наурызда «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей мектеп алдына оқушылар 10 тал қарағай ағашын отырғызды. «Наурыздан соң қыс болмас, Мизамнан соң жаз болмас» дей келе 15 наурыз «Наурыз мерекем, наурыз берекем» атты тәрбие сағатын тарих пәнінің мұғалімі: Мақсат Иманкулов 9 сынып оқушыларымен өткізді.Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді.16 — наурызда «Қош келдің Наурыз» атты іс-шараны мектеп кітапханашысы: Имашева Күлдария апай өткізді.
Наурыздың мән-мағынасы туралы 17 наурызда эссе жазу байқауын өткізіп, оқушылардың таным-түсінігін молайттым.
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.18 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мектепшілік іс-шара өтті. Мектеп директоры Кенжегүл Қыдырманова наурыз мерекесіне тілек тілеп, сөз сөйледі. Оқушылар мерекелік іс-шараға «Абай» ауылы, «Мұхтар» ауылы «Тоғжан» ауылы болып қатысты. Үш ауыл өзара салт-дәстүрге байланысты «Тұсаукесер», «Бесікке салу», «Азан шақырып, ат қою» көріністерін көрсетті.
Арқан тарту — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындар арқан тарту, қол күрестіру, асық ойнау бойынша ойындарды оқушылар қалай ойнау керектігін көрсетті. Ең соңында мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар Наурыз көже ішті. Қорыта келсем, Наурыз мерекесінде мектебімізде осындай іс-шаралар ұйымдастырылды.
А.Ахбанбаева,
Қарауылтөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.