Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді

Тәуелсіздік- ежелден еркіндікті серік етіп, ешкімнің бұйрығынсыз азат өмір сүруді ту еткен қасиетті бабаларымыздың арманы. Қазақ халқы үшін Тәуелсіздік қана емес, ол туралы идеяның өзі де құнды, оған тарих куә. Алматы облысының аудан орталығында Сарқаннан 60 шақырым жердегі төбенің үстінде үлкен ескерткіш тұр. Бұл жерде 1918-19 жылдары қиян-кескі ұрыстар жүрді. Ол азамат соғысы тарихына  «Черкасск қорғанысы» деген атпен кірді. Черкасстіктердің естерінде Жетісу өлкесіндегі Кеңес өкіметінің орнығуы туралы өлеңдер жазылған, кітаптар шығарылған, кинофильмдер түсірілген.  Қорғаушылардың қаза болғандарына және тірі қалғандарына мемориалдық комплекс  тұрғызылды. 1973 жылы шілде айының 12 жұлдызында ашылды. Олардың авторы-сәулетшілер Тимур Сулейменов және Алмаз Ордабаев. Кешен үш египеттік пирамидадан тұрады, биіктіктері 15м, 12м, 9м. Пирамидалар жартылай дөңгелек болып орналасқан, ортасында мәңгілік от. Естелік нышаны- бұл қоршауда болған Черкасстіктер нышаны.

Пирамидалар сұр түске боялған. Бұл түс жауға деген қаһармандық пен  –күрестің белгісі.   Өткір қыры орналасқан пирамидада, қорғаушылардың қару-жарақ нышаны орналастырылған. Олар қиян-кескі ұрыстың 1 жыл, 1 ай болғанын мәлімдейді. Ирек сызықтар олар бекіністер мен шептердің ұрыс- орнын білдіреді. Пирамиданың ортасында бес жұлдыз орналасқан. Жұлдызда аты даңққа айналған кеңес өкіметі үшін күресте ерлікпен қаза тапқандардың нышаны. Ескерткіш орталық биік төбешікте орналасқан. «Черкасск қорғанысы» партизандардың бас қарауыл төбесі болған.  Тізбек төбелердің өзі де ескерткішті білдіреді. Үш қадам алға бассаң — әкелер мен аталардың нағыз бекініс болған  ұра бекеттерінің үстінен шығасың. 

М. Елеусизов,

Сарқан ауданының тарихы музейінің  ғылыми қызметкері.

Мәліметпен бөлісу: