
«AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар жанмен кездесу өтті.
Шығармашылықта оның ішінде сурет байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болған оқушымен әңгімелесіп партия тарапынан алғыс хатпен сый табысталды. Осы тұста, айта кету керек ерекше қажеттілігі бар адамдарды, оның ішінде жас буынды қолдау «AMANAT» партиясы атқаратын жұмыстағы тұрақты басымдықтың бірі. Мәселен, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында былтыр медициналық мекемелердің электрондық құжаттары негізінде мүгедектікті белгілеу процесі заңнамалық түрде бекітілді; бес мыңға жуық әлеуметтік нысан бейімделді; дамуында кемістігі және оның туындау қаупі бар жас балалар үшін сегіз ерте араласу орталығы ашылды; сондай-ақ мектептерде инклюзияны қолдаудың 63 кабинеті ашылды. Бұған қоса, биыл 1 қаңтардан бастап I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы мөлшері 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топтағы жәрдемақы мөлшері 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топтағы жәрдемақы мөлшері 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайтылды. Өмірге келе сала жалғанның қиындығығын мойнымен арқалаған балақайларға мемлекет тарапынан үнемі көңіл бөлініп, олардың азамат болып қалыптасып, қоғамның тең тұлғасы сезінуі үшін материалдық көмектерден басқа, жігерін жанитын, рухын көтеретін іс-шаралар ұйымдастырылады.