Мәңгілік Ел-болашаққа ұмтылған ел

Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі-Мәңгілік Ел! Мәнгілік Ел – елдің біріктіруші күші,ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол-барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. (Н.Ә.Назарбаев) Біз қазақ халқы ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Жоғалтқанымыз ең асылымыз-Егемен еліміздің мәңгілік болуы еді.Біз осы асылды іздеп,соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік. Табанды күрестің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-бересін сақтап қалған. Елмен елдесіп, жаумен жауласып, құлдырау кезін де бастан кешірді,сөйтіп халқымыз еркіндіктен айырылды. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол ата тарихымыздың,ана тіліміз бен дінімізді қаз-қаз тұрғызып,қазақ деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін. Ол бізге қымбат – «Отан»деп жүрегізді қақтырып «елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпіндіріп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйгізгені үшін. Біздің бүгінгі егемендігіміз –ертеңгі болашағымыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Мәңгілік Ел… Мәңгілік Қазақстан біздің ата-бабаларымыздың мәңгілік арманы болып еді.Осы күні біздің еліміздің мәңгілік екенін барлық ел мойындады.Жеріміздің кеңдігіндей көңілімізде кең дархан «қазақ» деген халықпыз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жолдады.Жолдауда «Біз үшін ортақ тағдыр бұл Мәңгілік Ел болу»-еді. Тіліміз, дініміз мәңгілік болса, мемлекетіміз де мәңгілік болады. Бүгінгі ұрпақ ел ертеңі. Біздің болашағымыз үшін ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша тер төгіп, еңбек етті. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп бейбіт,егемен дербес мемлекет болдық. Елбасымыз болашақ жастарымызға сенеді, үміт артады. Болашақ жастарымыздың қолында.

К.Жаксылыкова,

Екіаша орта мектебі КММ тарих пәні мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: