Мөлдір бұлақ – табиғат тазалығының бастауы

Жуырда  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парк аумағында «Мөлдір бұлақ» атты іс-шара өткізілді. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл сенбілікке «Жоңғар Алатауы МҰТП»РММ Алакөл филиалының қызметкерлері, Ақжар мәдениет үйінің қызметкерлері мен Қабанбай батыр атындағы мұражай ұжымы бірлесе қатысып, белсенділік танытты.

Шара барысында бұлақтың көздері ашылып, айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл шара су көздерінің тазалығын сақтап, табиғи экожүйені қорғауға зор үлесін қосты.

 «Мөлдір бұлақ» іс-шараның басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізілген экологиялық сенбілік – табиғат тазалығы мен сұлулығын сақтаудағы ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай бастамалар қоғамды біріктіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа туған жерді сүюді, оны қорғаудың маңызын түсіндіреді.

«Жоңғар Алатауы МҰТП»РММ

Алакөл филиалының

Үйгента орманшылығының

мемлекеттік инспекторы

Хуанар Б.

Мәліметпен бөлісу: