Сарқан ауданы, Лепсі ауылы «Қасымбай» мешіті және ауыл әкімінің ұйымдастыруымен «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандарға қайырымды жандардың демеушілігімен 20 отбасына ет және 17 балаға сыйлықтар таратылды. Өз кезегінде көмек көрген жандар мешітке, ауыл әкіміне және жанашырлық танытқан демеушілерге алғыстарын білдірді.
Мадина АЙТОВА.
Лепсі ауылы.