МӘЖІЛІСМЕН РУСЛАН САДУАҚАСҰЛЫ ПОГРАНИЧНИК АУЫЛЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев Сарқан ауданы тұрғындарының
арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Ауыл тұрғындарын жайылым жердің тапшылығы, ауылдардың ішкі көшелерінің жөндеу жұмыстары, жарықтың жиі өшуі мазалайды. Сонымен қатар, балаларға арналған ойын алаңдарын салу және кейбір жерлерде тоғандардың жоқтығын атап, ескі ауыл клубтарын күрделі жөндеуден өткізіп, қайта жаңғыртуды сұрайды.

  • “ Ауыл — ел бесігі” — деп бекер айтпайды. Мемлекет басшысыда ауылды көркейтуге баса назар аударуды тапсырған. Ауылымыз көркейіп жатса, жастарда алысқа кетпейді. Ауылда 90 пайызы малмен күн көруде, жайылымдық жер тапшы, — деп атап өтті өз сөзінде Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Ермек Иманқұлов.
  • “Бүгінде Қазақстан халқының
    40 пайызы ауылды жерде тұрады. Оны өркендетуге сіз болып, біз болып қызмет атқармасақ, ол бәрімізге сын. Сондықтан, аталған мәселелер бойынша жергілікті әкімшілікке де тапсырма беріледі және оның шешілу жолдарына ықпалдасатын боламын. Жергілікті билікте қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенемін”, — деді депутат Руслан Садуақасұлы.

Айта кетейік, Пограничник ауылында бүгінде 800-ге жуық халық тұрады. Жеке қабылдауға Қарауылтөбе, Көкөзек ауылдарының тұрғындары да қатысты.

Мәліметпен бөлісу: