Мақсат – жол көлік оқиғаларын азайту

Қарашаның 1-інде аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахмановтың төрағалығымен өткен отырыста «Сарқан ауданы бойынша жол-көлік оқиғаларын азайту жолдары туралы» мәселе қаралды. Жиынға Сарқан аудандық мәслихат депутаттары, Сарқан аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің басшысы Асқар Ақашев, Сарқан аудандық ІІБ ауданаралық емтихан қабылдау тіркеу тобының инспекторы Айдар Артықбаев, Кәсіптік техникалық оқу орталығы Сарқан аудандық филиалының директоры Нұрахмет Маткаримов қатысты.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарқан аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің басшысы Асқар Ақашевтың және Кәсіптік техникалық оқу орталығы Сарқан аудандық филиалының директоры Нұрахмет Маткаримовтың хабарламалары тыңдалды.
Отырысқа қатысушылар жол-көлік оқиғаларды азайту және алдын алу жолдарын талқылап, ой-пікірлермен алмасты. Жиынды қорытындылау үстінде Қадыр Сәкенұлы Сарқан аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің басшысы Асқар Ақашевқа аудан бойынша жол-көлік оқиғаларды азайту мақсатында тұрғындар тарапынан жол жүру Ережелерін қадағалау жұмысының бақылауға алынуын күшейтуді, Кәсіптік техникалық оқу орталығы Сарқан аудандық филиалының директоры Нұрахмет Маткаримовқа оқу орталығында оқып-үйренушілерінің қатысуын қамтамасыз ету, бақылауға алу жұмыстарын жаңдандыруды тапсырды. Осыған орай аудандық мәслихат депутаттары өздерінің сайлау округтері бойынша жиында көтерілген мәселелерді түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастыратын болады.

 

Мәліметпен бөлісу: