Маңызды мәселе талқыланды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделген болатын.


Осыған байланысты жуырда аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті, оған аудан мекеме, ұжым басшылары есепшілерімен бірге қатысты. Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары М. Разбеков жаңа жылдан бастап төрт деңгейлі бюджет енгізілетінін, сол себепті осы туралы түсіндіруге облыс орталығынан жұмысшы тобы келгенін мәлімдеді. Облыс орталығынан келген топтың басшысы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің жетекшісі Ж. Әлімбеков көтеріліп отырған мәселе өзекті екенін айтып, сөзді өзімен ере келген қонақтарға берді.

Өз кезегінде жұмысшы тобының мүшелері өздерінің салалары бойынша болып жатқан өзгерістермен, түсініктер мен ұғымдармен таныстырып, залдан қойылған сауалдарға жауаптар берді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: