Өткен аптада дәлірек айтсақ 17 қараша күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша басқарма бастығы Б.Тазабеков ауданымыздың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сарқан аудандық прокуратурасының мәжіліс залында өткен басқосудың мақсаты тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін көтеру, өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнамаларды түсіндіру және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін жұмыс жағдайы бойынша талқылау.
Басқарма бастығы Болат Алдабергенұлы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қадағалау және жетілдіру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы жан-жақты түсінік берді. Жиында сондай-ақ ҚР Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Алматы облысы Сарқан ауданы бойынша аға прокуроры А.Бексұлтанова жоғарыда сөз болған жайттардың жекелеген тұстарын тарқатып баяндама жасады.
Бұдан соң кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып оған жауап алды. Жиынды Сарқан ауданының прокуроры Е.Андабаев қорытып келгендерге алғысын білдірді. Аталмыш басқарманың жұмыс жоспарында бұндай кездесулерді облыстың барлық аудандарында өткізу бар.
Өз тілшіміз.