Жуырда аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы Сарқан қаласында жүргізіліп жатқан жылу жүйесінің жұмысымен және бас жобасымен танысты. «Асыл Тау» ЖШС биылғы жылы үш білім ошақтарына, балалар бақшасына, орталық мешітке, көп қабатты тұрғын үйлерге жылу жүйесін тартады.
Аудан әкімі «Асыл Тау» ЖШС -ның аймақтық өкілі Н.Семеновқа және бас жобалаушы «Қорған Геодезия» ЖШС ұйымының директоры К.Чапаровқа жылыту маусымы басталған кезде жылу жүйесінің мерзімінен бұрын тоқтап қалуы оқиғаларының орын алмауын қатаң түрде ескертті. Қала тұрғындары үшін маңызды нысан тұрақты бақылауда болады.
Өз тілшіміз.